Серікболсын Әбділдин: «Тек шындықты айтамын» – IQ Studio (видео)
Көрнекті саясаткер және мемлекеттік қайраткер Серікболсын Әбділдиннің «Тұңғыш Төраға. Первый Председатель» атты кітабының тұсаукесері.
Бұл келелі еңбекте автор 1990-жылдардың басында Жоғарғы Кеңестің жұмысы, сондай-ақ Қазақстанның 25-жылдық Тәуелсіздігі турасында естілектері мен ойларымен бөліседі. Кітаптың кіріспесінде Серікболсын Әбділдиннің өзі былайша пікір білдіреді: «Егемендік туралы көп айтылып та, жазылып та жүр. Алайда өмір керуені неғұрлым ілгері жылжыған сайын өткен кезеңнің нәтижелерін бағалауда алшақтықтар да баршылық. Сөйтіп, тарих пен ақиқаттың басы – біреу де, аяғы – айырқұйрық болуда. Осы кітап Қазақстанның тәуелсіздігіне қатысты мағлұматтарды теріп алған нақты мәліметтердің негізінде жазылған».
Комментариев пока нет