Ya Metrika Fast


English version

Муратов Украина халқына көмектесу үшін Нобель медалін сатты

Контекст дня — 21 июня 2022 13:50
0
Изображение 1 для Муратов Украина халқына көмектесу үшін Нобель медалін сатты

Дмитрий Муратов Нобель медалін 103,5 миллион долларға сатты. Журналист сатылымнан түскен қаржыға украиндық балалар мен босқындарға көмектесуді жоспарлап отыр.

Ресейлік «Новая газета» басылымының бас редакторы Дмитрий Муратов аукцион арқыды Нобель медалін 103,5 миллион долларға сатты. Бұл туралы Heritage Auctions сауда үйінің сайты хабарлады.

Аукцион барысында лоттың бірінші ставкасы 700 мың долларды құрады, кейін бағалар өсе бастаған. Максимум баға 16,6 миллион долларға жетті. Бірақ кейін аукцион қатысушыларының бірі медаль үшін 103,5 миллион доллар ұсынған. Бұл ең жоғары баға ретінде тіркелген.


Heritage Auctions медаль сатудан түскен барлық ақша Украинадағы және көрші елдердегі балаларға көмектесу үшін БҰҰ Халықаралық Балалар қорына, сондай-ақ Украинадан келген босқындардың отбасын қолдау үшін жіберіледі.

Нобель комитеті 2021 жылы Дмитрий Муратов пен Филиппиндік журналист Мария Рессаға «демократия мен бейбітшілік орнатудың алғышарты болып табылатын сөз бостандығын қорғауға күш салғаны үшін» бейбітшілік сыйлығын табыс етті. Комитет Муратов пен Рессаны әлемдегі БАҚ бостандығын қорғайтын журналистердің өкілдері деп атады. «Новая газета» ұжымы Муратовтың медальді сату туралы шешімін қолдады.

Изображение 2 для Муратов Украина халқына көмектесу үшін Нобель медалін сатты

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.