Нұрлан Байжігітұлы Астанадағы мешітке бас имам болып тағайындалды
Белгілі имам Нұрлан Байжігітұлы Астанадағы Ырыскелді қажы атындағы мешітке бас имам болып тағайындалды, деп хабарлайды Exclusive.kz.
Нұрлан имам өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалығымен бөлісіп, жаңа жұмысы туралы айтты.
– Бісмілләһир-Раxманир-Раxим! Алланың қалауымен, елдің ақ тілегімен бүгін Астанамыздағы “Алланың гүлі” аталып кеткен Ырыскелді қажы атындағы мешітке бас имам боп тағайындалдым. Бұл мен үшін қуанышты жаңалық! Енді Астана жұртшылығымен және қала қонақтарымен осы мешітте жүздесеміз. Еліміз тыныш, жұртымыз аман, бірлігіміз берік, руханиятымыз тұғырлы болсын, – деп жазды Нұрлан имам.
Фото: ашық дереккөз
#Имам #Мешіт #Қазақстан
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.