«Навальный» туралы деректі фильм Оскар сыйлығын жеңіп алды
Канадалық режиссер Даниэль Роэердің «Навальный» картинасы үздік деректі фильм ретінде «Оскар» сыйлығын жеңіп алды, деп хабарлайды Exclusive.kz.
Деректі фильмде ресейлік оппозиционердің өмірі баяндалады. Кинокартинадан саясаткердің Ресейге келіп ұсталғаны, улануы туралы байқауға болады. Режиссер Роэр оппозициялық саясаткер Алексей Навальный ем алып жатқан уақытта кездескенін айтты.
«Үздік деректі фильм» номинациясының жеңімпазы жарияланғаннан кейін Ресей түрмесінде отырған оппозиционердің әйелі Юлия Навалья сахнаға көтеріліп, пікір білдірді.
Сондай-ақ ол күйеуінің бостандыққа шығарын және Ресейдің еркін ел болғанын армандайтынын айтты.
Айта кетейік, ақпан айында «Навальный» фильмі BAFTA Британдық киноакадемиясының сыйлығын жеңіп алды.
Фото: Радио Свобода
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.