«Назарбаев айтты»: Ресейлік депутат Қазақстан туралы мәлімдеме жасады - Exclusive
Поддержать

«Назарбаев айтты»: Ресейлік депутат Қазақстан туралы мәлімдеме жасады

Ресейдің Мемлекеттік Думасының депутаты Александр Ильтяков жер туралы мәлімдемелердің қолайсыз екенін айтып, қазақстандық билікті блогерлердің сөздерін мұқият бақылауға шақырды.

– Егер Қазақстан Республикасының бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі бұрын-соңды Қазақстанның болмағанын айтса, жер мен облыстар туралы қандай әңгіме болуы мүмкін? Ал қазақстандық билік блогерлердің пікірлерін мұқият қадағалап отыруы керек, – деді депутат ресейлік Ura.ru-ге берген сұхбатында.

Биылғы жылдың мамыр айының соңында блогер Батыр Сейкенов Қазақстанмен шекаралас Ресей өңірлерінің тұрғындарына үндеу жолдады. Бұл бейнежазба қазір Ресейдің әлеуметтік желілерінде талқыланып жатыр. Қазақстандық блогердің мәлімдемесі ресейліктердің наразылығын тудырды. Жоғары мінберлерден арандатушылық жасады деген айып тағылып, Ресей билігіне тексеруді бастау талаптары көтерілді.

Фото: ura.ru




1 Комментарий

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *