Назарбаев елдің саясатына араласпайды – Әшімбаев - Exclusive
Поддержать

Назарбаев елдің саясатына араласпайды – Әшімбаев

Конституцияға енгізілген түзетулерден кейін «Тұңғыш Президент туралы» Конституциялық заң күшін жояды, тек заңды түрде рәсімдеу қалған. Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты.

– Сіздердің айтып отырғандарыңыз – бұл экс-президенттердің мәртебесі, олардың қорғалуы, олардың қандай да бір артықшылықтары туралы мәселелер, олар біздің қолданыстағы Конституциямызда бар. Елбасына келетін болсақ, біз Елбасына, оның отбасы мүшелеріне қатысты осы нормаларды алып тастадық, енді «Тұңғыш Президент туралы» Конституциялық заң өз күшін жойяды, сіздер де білесіздер – біз оны Конституциядан алып тастадық, бұл заң да өз күшін жояды. Қазір біз мұның бәрін заңды түрде ресімдеуіміз керек. Міне, осы сұрақтардың барлығы Конституцияда реттелген, — деді Әшімбаев.

Сондай-ақ, Назарбаев елдің саясатына саясаткер ретінде де, елдің тұңғыш президенті ретінде де араласпайтынын айтты.

– Ол елдің саясатына саясаткер ретінде де, елдің тұңғыш президенті ретінде де қатыспайды. Біз онымен кеңеспейміз, – деді Әшімбаев журналистерге жауап беріп.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.