English version

Назарбаев кеңсесінің қызметкерлер саны азайды – Әшімбаев

Контекст дня — 11 мая 2023 16:30
0 -1

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңсесінде қызметшілер саны едәуір қысқарғанын, сондай-ақ оған жұмсалатын сома қысқартылғанын айтты, деп хабарлайды Exclusive.kz.

– Менің білуімше, онда жұмыс істейтін адамдардың саны да күрт азайды. Осыған байланысты, біз бюджетті қарастырған кезде қаржыландыру мәселесін қараймыз. Ол жерде бұрынғымен салыстырғанда көп адам жұмыс істемейді, ірі функциялар жоқ, – деді Әшімбаев Сенат кулуарында.

Әшімбаев экс-президенттер аппараттарының болуы әлемдік тәжірибе екенін атап өтті.

Еске салайық, 2022 жылы экс-президент кеңсесінде штат саны 40 пайыз қысқарған еді.


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.