Ya Metrika Fast


English version

Назарбаев қоры қаза тапқан кеншілердің отбасына ақша бөлді

Контекст дня — 6 ноября 2023 17:20
0
Изображение 1 для Назарбаев қоры қаза тапқан кеншілердің отбасына ақша бөлді

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қоры Костенко шахтасында қаза болған кеншілердің отбасына ақша бөлді, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

– Костенко атындағы шахтада болған қайғылы оқиғадан зардап шеккен кеншілердің отбасыларына еліміздің Тұңғыш Президентінің тапсырмасы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев Қоры 50 миллион теңге көлемінде қаржылай көмек бөлінді, – деп жазылған Назарбаев қорының хабарламасында.


Еске салайық, қазан айының соңында ArcelorMittal шахтасында өрт болды. Тілсіз жау 46 адамның өмірін жалмаған еді. Мемлекет басшысы апатты жағдайға қатысты тергеу жұмыстарын жүргізуді қатаң тапсырды.

Фото: Sputnik


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.