Ya Metrika Fast


English version

Назарбаев режимі Жәкішевті әділетсіз түрде 14 жылға соттады – Сейсембай

Контекст дня — 23 мая 2023 17:50
0
Изображение 1 для Назарбаев режимі Жәкішевті әділетсіз түрде 14 жылға соттады – Сейсембай

14 жылға сотталған «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің жазасын өтеу мерзімі аяқталды, деп хабарлайды Exclusive.kz.

Мұхтар Жәкішев 2010 жылы ақша жымқырды және пара алды деген айыппен 14 жылға сотталған еді.

Белгілі бизнесмен Марғұлан Сейсембай Назарбаев режимі Жәкішевті әділетсіз түрде саяси мотивтер арқылы соттағанын айтты.


– Кеше 14 жылға сотталған досым Мұхтар Жәкішевтың мерзімінен бұрын босатудың апробациялық уақытының аяқталуын атап өттік. Назарбаев режимі оны әділетсіз түрде саяси мотивтері бойынша 14 жылға соттады! Халықтың сұрауы мен талабының арқасында ақыр соңында оны 11 жыл түрмеде отырғаннан соң ғана шартты түрде мерзімінен бұрын босатты. Ол ешкімнен кешірім сұрамай, рақымшылық жасашы деп жалынбай 11 жыл түрмеде отырып шықты. Мұхтар, өміріңдегі қайғылы сәттер осымен аяқталсын! Алдағы уақытта сені тек бақытты өмір күтсін! Ұзақ өмір сүріп, қоғамға өз пайдаңды тигізе бер, қымбатты досым! – деп жазды Марғұлан Сейсембай facebook парақшасында.

Коллаж: Exclusive.kz


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.