Назарбаев Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады. Бұл туралы экс-президенттің баспасөз қызметі хабарлады.
– Сізді Қазақстан Республикасының Президенті сайлауындағы айқын жеңісіңізбен риясыз көңілмен құттықтаймын!
Бұл – мемлекет басшысы ретіндегі беделіңіздің айшықты айғағы, сондай-ақ ауқымды реформаларыңыз бен тың бастамаларыңызға және тәуелсіздік тағдыры таразыға тартылған сын сағатта көрсете білген табанды да шешімтал мінезіңізге, ақыл-парасатыңызға деген халықтың қалтқысыз сенімінің даусыз дәлелі.
Алдағы уақытта да баршаның алғыс-ризашылығы мен құрметіне бөлене беруіңізге тілектеспін, – деп жазылған Назарбаев құттықтауында.
Айта кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс президент сайлауында 81,31% дауыс жинап, жеңіске жетті. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров хабарлады.
Фото: ашық дереккөз
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.