Назарбаев туралы түсірілген фильмге 7 миллион доллар төленген - Exclusive
Поддержать

Назарбаев туралы түсірілген фильмге 7 миллион доллар төленген

Елбасы Қоры экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев туралы фильм үшін 7 миллион доллар төлеген. Бұл туралы PROTENGE Telegram-арнасы хабарлады.

– «Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Елбасы Қоры» фильм үшін 7 млн доллар төледі. 2021 жылы шыққан «Qazaq: Алтын адамның тарихы» фильмін атақты Оливер Стоун түсірген. Келісімшарт сомасын журналист Михаил Козачков жариялады, – делінген хабарламада.

Назарбаевтың қорлары туралы қаңтар айында үлкен тергеу жүргізілгені белгілі. Жазба авторлары қордың қайырымдылықтан басқа, миллиардтаған долларлық активтерді басқаратындығын айтты.

– Бұған дейін біз «Қазақмыстың» Назарбаев қорына 79, 4 млрд теңге аударғанын айттық. 2018-2020 жылдар аралығында «Қазақмыс» қаражатын «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры» жеке қорына аударды, – делінген хабарламада.

Фото: ашық дереккөз




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *