Назарбаев Владимир Путинге кітабын сыйға тартты
Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинге кітабын сыйға тартты, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
– Нұрсұлтан Әбішұлы Владимир Владимировичке кітабын жіберді. Ол Президентке жеткізіледі. Бұл авторлық экземпляр, – деді Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.
Журналистер кітапта Назарбаев бір тарауды Путинге арнағанын атап өтті. Назарбаев кітабында Путинді «істің адамы» деп бағалаған.
Айта кетейік, 1 желтоқсан күні Нұрсұлтан Назарбаевтың «Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа» атты естелік кітабы сатылымға шыққан болатын.
Фото: РБК
Поделиться публикацией



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.