«Назарбаевтарды неге жазаламайсыңдар?»: Мамай сотта соңғы сөзін айтты
Саясаткер, тіркелмеген Демократиялық партиясының жетекшісі Жанболат Мамай сотта соңғы сөз сөзін айтты, деп хабарлайды Exclusive.kz.
Жанболат Мамай қаңтар оқиғасына объективті баға беретін уақыт келді деп мәлімдеді. Сондай-ақ Қазақстанның бұрынғы президенті «Назарбаевты неге жазаламайсыңдар?» деп сұрады.
– Жарылғалы тұрған бөшкенің үстінде отырып, оны сылап-сипап қойып, бұл балға толы ыдыс, «Жаңа Қазақстан» дегеннен қауіп сейілмейді. Халықтың проблемасын айтқандарды қудаламай, елдің мәселесін шешу керек бірінші кезекте»
«Түрмеде отырғанда Қаңтарда 30 самса ұрлағаны үшін қамалған адамның барын естідім. Енді сұрақ: 30 самса ұрлағанды қамайды да, елді 30 жыл тонаған Назарбаевтарды неге жазаламайсыңдар? Әділдік қайда? Мен соттан әділдік сұрамаймын, себебі барлығын жақсы білемін. Бірақ бұған түсіністікпен қараймын деп ойламаймын. Десе де, осы уақыт өзімді қудалағандарға айтарым: барлығыңды кешірдім. Біреуден кек алайын деген ойым жоқ. Барлығына Алла Тағала төреші. Бәріне әділ жазасын беруші де сол. 5 қаңтар күні алаңда қаза болуым да мүмкін еді. Бір топ арандатушының қолынан бейбіт шерушілер аман алып қалды. Демек, менің бұл өмірдегі миссиям аяқталмады, әлі де керекпін деген сөз. Олай болса, салымды суға кетіретіндей жағдай жоқ. Бәрі алда! – деді Жанболат Мамай.
Қаңтар оқиғасы кезінде тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деген күдікке ілінген белсенді Жанболат Мамай 6,6 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Сегіз ай қамауда болған Мамай үй қамағына ауыстырылды. Сондай-ақ, оған құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қорлау және жалған ақпарат тарату бойынша айып тағылды.
4 сәуір күні прокурор соттан Жанболат Мамайды шартты түрде 6,6 жылға соттауды сұрады.
Коллаж: Exclusive.kz
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.