English version

Назарбаевтың күйеу баласы Азия Олимпиада кеңесінің вице-президенті болып қайта сайланды

Контекст дня — 8 июля 2023 17:00
0 -1

Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаев 2023-2026 жылдар аралығына Азия Олимпиада кеңесінің (АОК) вице-президенті болып бірауыздан қайта сайланды, деп хабарлайды Exclusive.kz.

Құлыбаев 2015 жылдан бастап АОК-тың Орталық Азия өңіріне төрағалық етеді, ал 2019 жылы әріптестері оны осы лауазымға қайта сайлады. Сондай-ақ ол Ұлттық Олимпиада комитеттері қауымдастығының вице-президенті және ХОК-тағы Олимпиада 365 (Olympism 365) комиссиясының мүшесі.

АОК Бас ассамблеясында өткен жылдың қорытындысы шығарылды. Ханчжоу-2022 Жазғы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің (Hangzhou 2022 Asian Games) дайындық барысы туралы қорытынды есеп, сондай-ақ жаңартылған Олимпиадалық ынтымақтастық бағдарламасы (Olympic Solidarity) ұсынылды.

Фото: sputnik


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.