English version

Назарбаевтың кеңсесіне бюджеттен демеушілік жасау тоқтайды

Контекст дня — 28 февраля 2023 17:50
0 -1

Нұрсұлтан Назарбаев Елбасы атағын ресми түрде жоғалтқаннан кейін оның кеңсесін қаржыландыру айтарлықтай қысқарады. Бұл туралы Үкімет кулуарында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, деп хабарлайды Exclusive.kz.

Назарбаев кеңсесіне үш жыл бойы демеушілік жасау үшін республикалық бюджеттен бес миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген.

– Алдымен заң және заңға тәуелді актілер, тиісті қаулылар бар. Өзгерістер енгізілген кезде қаржыландыруды азайтамыз. Кей жерлерде қаржыландыруды мүлдем алып тастаймыз. Біз үшін бұл түсінікті, заң әрдайым бірінші орында. Сондай-ақ қабылдануға тиіс заңға тәуелді актілер бар. Осыдан кейін қаржыландыруға қатысты шешім қабылдаймыз. Әзірге біртіндеп қысқартамыз», — деді Ерұлан Жамаубаев.

Айта кетейік, бұл процедура үшін, министр атап өткендей, көптеген нормативтік құжаттар, құқықтық актілер, қаулылар мен өзгертулер қабылдау қажет. Мұның барлығы алдағы екі айдың ішінде орындалады.

Фото: РБК


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.