English version

Назарбаевтың жүрегіне ота жасалды

Контекст дня — 20 января 2023 14:30
0 -1

Бүгін Астанада экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев жүрегіне ота жасатты. Бұл туралы тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімдеді, деп хабарлайды Exclusive.kz.

Айдос Үкібайдың сөзінше, Назарбаевтың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Ота ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығында жасалған.

«Нұрсұлтан Назарбаев жүрегіне ота жасатты. Ота сәтті өтті. Тұңғыш Президенттің өміріне қауіп жоқ. Ол қазір бақылауда. Операция ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықта белгілі кардиохирург Ю. Пяның жетекшілігімен өтті», – деп жазды Айдос Үкібай.

Айта кетейік, бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаевтың шұғыл түрде ауруханаға жеткізілгені туралы ақпарат тараған еді.

Фото: ашық дереккөз

Изображение 1 для Назарбаевтың жүрегіне ота жасалды
https://t.me/kzexclusive

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.