Үндістанда аспалы көпір құлап, 140 адам мерт болды
Үндістанның батысындағы Гуджарат штатындағы аспалы көпірдің құлам, 141 адам қаза тапты. Олардың арасында хабар-ошарсыз кеткендер де бар. Көпір ұзақ жөндеуден өткен. Қолданысқа берілген көпір бірнеше күн өткен соң құлаған.
Журналист Йогита Лимайенің хабарлауынша, дүйсенбі күні қаза тапқандардың саны 141-ге дейін өскен. Полиция мәліметінше, 170-тен астам адам аман қалған, 15 адам ауруханаға түсті.
Қаза тапқандардың көпшілігі – ата-аналарымен бірге демалысқа келген балалар.
Морсби қаласындағы Мачху өзенінің көпірі жарты жылдық жөндеуден кейін ашылған. Жергілікті биліктің хабарлауынша, көпірге 500-ге жуық адам жиналған. Көпшілік Дивали мерекесін тойлаған. Нәтижесінде аспалы көпір құлап, адамдар мерт болды.
Аспалы көпір – танымал туристік орын. 230 метрлік көпір XIX ғасырда Британ империясы кезінде салынған.
Гуджарат штатында үш күндік сапармен жүрген премьер-министр Нарендра Моди штаттың Бас министріне құтқару операциясын ұйымдастыруды тапсырғанын айтты. Сондай-ақ зардап шеккендерге, қаза тапқандардың жақын туыстарына өтемақы төленетінін мәлімдеді.
Фото: BBC
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.