Неліктен Путин көмек қолын Назарбаевқа емес, Тоқаевқа ұсынды? - Exclusive
Поддержать

Неліктен Путин көмек қолын Назарбаевқа емес, Тоқаевқа ұсынды?

«Қара шабаданның» ядролық жүйесін егжей-тегжейлі жақсы білетін, Ресейдің бұрынғы бірінше вице-премьері Михаил Полторанин: «Путин әлемді қорқытатын «түймені» ешқашан баспайды», – деген тұжырым жасап отыр.

«Біріншіден жүрексініп, қорқақтық танытады», дейді Михаил Полторанин. Путин өмірді тым жақсы көреді, оған сән-салтанаттың барлық атрибуттары өте маңызды. Путин марал мүйізінен алынған қанды ваннаға құйып, оған шомылуды, емдік балшыққа аунап-қунауды, ашыналарына, яғни көңілдес әйелдеріне пәтер үлестіріп беруді жаны жақсы көреді. Путиннің көңілдес әйелдері көптеп саналады, оның жұмыс істеуге деген ынтасы мүлдем жоқ. Ал оған теріс ақпараттар беріп, аяқтан шалды, сөйтіп Путинге тағы да опасыздық жасалды дейтін пікірлер айтылатын болса, бұл кәсіби қабілеттің, қарайым интеллекттің жоқтығын көрсетеді. Екіншіден, ол еш себепсіз бостан-босқа «түймені баса алмайды», себебі ядролық соққы бере алатын баллистикалық зымыран 40 метр тереңдіктегі шақтаға орналастырылған және салмағы 40 тонна болатын уран кенінен жасалынған қақпақпен жабылған. Ядролық қарусыздану үрдісі жүріп жатқан кезде, сол кездегі қорғаныс министрі Павел Грачев, кімнің бұйрығы бойынша әрекет еткенін білмеймін (бәлкім, Ельциннің бұйрығы бойынша) барлық шахталарды 30 метр бетонмен толтырған болатын, тек «Тополь» зымыранына ғана 10 метр орын қалдырған, ал аталған зымыранның тасымалдау траекториясын кез келген американдық крейсер құлата алатыны белгілі. Осыдан кейін ол АҚШ-тың Қорғаныс министріне біз қарусыздану бойынша өз міндеттемелерімізді орындадық, ендігі жерде бейбітшілік, достық және т.б. орын алады деп жазған болатын. Бүгінгі таңда Қырым кімнің меншігі? деген сауал жиі қойылып жүр. Мұндай сауалға сіз қалайша жауап берер едіңіз?

Егер, бұл бізге тиесілі Қырым болса, онда солтүстіктен келген мұнайшылар мен газ кеншілерінің балаларына арналған лагерьлер салынар еді ғой. Алайда, мұндай құрылыстар салынған жоқ, керісінше ондағы жағалаулардың барлығын Путиндік мафия басып алып, иелік етуде. Олар Қырымның орыстардың меншігіне айналғанына қатты қуанды, сөйтіп Путиннің олигархтары жағалауды тікенді сымдармен, торлармен және темір қалқандармен қоршап, қарапайым халықты одан ығыстырып жатыр, ең бастысы Қырым – бұл әскери база болып саналады. Путин Қырымды Ресей үшін тартып алған жоқ. Қырым, сондай-ақ ЛХР және ДХР сияқты Украинаға одан әрі шабуыл жасау үшін белгілі бір дәрежеде плацдармболды. 2021 жылдың қараша айында Ресей батыс елдеріне ультиматум жариялады, яғни біз НАТО-ны жақтырмаймыз, ал сіздер оны бізге қарай жақындатып жатырсыздар, сондықтан альянсты 1997 жылға дейін болған шекараға қарай кері жылжытыңыздар сияқты үзілді-кесілді талап қойған-ды. РФ СІМ басшысының орынбасары Сергей Рябков өзінің «заттарыңды жинаңдар да, бұл жерден тайып тұрыңдар» деген ультиматумын мәлімдеген кезде, бұған барлығы күле қараған еді, алайда мұндай әрекет арнайы операцияны бастау үшін жасалған қадам болатын-ды.

Халық алдында ұяттымын

ЛХР бейтарап аймақ саналған кезде, ал Мәскеуден келген МҚК қызметкерлері ішімдікке сылқия тойып алып, масайрап жүрген уақытта 49 шахта су астында қалды. Ең сорақысы, олардың арасында «Юный коммунар» шахтасының да су астына кетуі еді, бұл 40 жылдан астам уақыт бұрын ядролық жарылыс жүргізілген шахта болатын. Қаншама адамдардың өмірін жалмаған метан осы жерде үздіксіз ағып жататын, сондықтан жарылыс күшінің көмегімен оны бір жерге жинау үшін су қойнау-қабаттары арасында «үлкен қалта» жасауға шешім қабылданды. Шахтаны су басқаннан кейін, су Азов теңізіне, одан әрі Қара теңізге қарай құйыла бастады. Оның үстіне аталған шахтаның сынапты өндіріс санатына жататыны белгілі, демек сынап та аталған теңіздерге ағып жатыр деген сөз. Неліктен мұндай әрекетерге жол беріліп жатыр? Себебі президент Путиннің психологиясы қарақшылық сипатқа ие, осылайша ол Ресейді қарақшылар кемесіне айналдырып тынды. Путин Грузияға, одан кейін Оңтүстік Осетияға шабуыл жасап, енді Украинаға баса-көктеп кіріп жатыр. Украина жерінен, менің ойымша 20-ға жуық кәсіпорынның жабдықтары Ресейге жөнелтілген. 2010 жылы Луганскідегі «Донецк» зауытында әлемдік рекорд орнатылды. Аталған зауыт микроэлектроника өнеркәсібі үшін 60 килограмм«Сапфир» кристалы өндірілді. Мен мұндай олжаны, мүлгіген қараңғы түнде Путинге қалай жеткізгенін көз алдыма елестете аламын деп батыл айта аламын. Неліктен түнгі уақытта дейсіздер ғой. Себебі, күндіз мұны жүзеге асыру мүмкін емес, спутник арқылы суретке түсіріп алулары мүмкін, хрусталь жақсы жарқырайтын материал. Бәлкім, оны төрт жұлдызды генерал ішіне тығып алып, жеткізген шығар. Мүмкін, Шойгу болар.

Қазір мен оған мына ойымды жеткізгім келеді: «Серёжа, 90-шы жылдарды есіңе алып көрші. Есіңде ме? Сен әуелі Тувада жұмыс істедің, кейін Краснояр өлкелік комитетіне қызметке алды, сол жерден біз сені жаңа демократиялық үкіметке ұсынған болатынбыз, онда барлығы танымал адамдар – атақты ғалымдар, беделді саясаткерлер болды, ал сен ол кезде жас әрі толық танылып үлгермеген белгісіз жігіт едің? Шойгудың әкесі журналист болатын, мен онымен таныс едім. Сергей маған шегедей қадалып, үйір болып алды. Бірде мен одан, Саян жартасына шыққанды ұнатасың ба?– деп сұрадым. «Әрине»,– деп жауап берді жас жігіт. «Міне, көрдің бе ендігі жерде Ресейдің қиранды жартастарына шығатын боласың, мен сені ТЖ-ға ұсынатын боламын» дедім. Бұл уақытта төтенше жағдайлар министрлігіне адам іздеп жатқан болатын. Шойгу бірқатар бомба қоймаларының бастығы болып қызметке тағайындалды, кейін мен оны министр лауазымына ұсындым. Алайда кейін, елде үлкен өрт апаттары басталған кезде, отты өшіретін жабдықтар болмай шықты. Керісінше, Шойгудың меншігінде буддисттік стильде салынған зәулім сарай пайда болды. Мен қазір Шойгудан емес, халықтан ұяламын. Біз жұмыс істей алатын және жұмыс істей білетін адамдарды ұсынамыз ғой, алайда халық оларды бақылаусыз және жазасыз қалдырады.

Қазақстанда да Нұрсұлтан Назарбаевқа қатысты дәл осындай жағдай орын алды. Оған еркіндік берілді және мұндай ақылды адам уақытсыздықжүйесіне бой алдырып, тізгінсіз кетті.

Енді Ресейдегі оқиғаларға қайта оралатын болсам. 2019, 2021 жылдары Лондонға мың тонна алтын жөнелтілген болатын, ал 2022 жылдың қаңтарында арнайы операциядан бірнеше апта бұрын 200 тонна алтын қосымша жөнелтілді. Құжаттарда аталған алтынды сату үшін ақшаны мемлекет атынан қайтарудың қажеті жоқ деп көрсетілген.

– Осының барлығы не үшін жасалды?

Егер олар (Путин мен оның олигархтары) жеңіске жететін болса, бәлкім бір жаққа кетіп тынар. Берлускони, Жерорта теңізіндегі аралдардың бірінде біздің бастықтарға үлкен саяжай дайындап қойған дейді, мұндай мың тонна алтынның артық етпейтіні белгілі жәйт. Осы уақытта (2022 жылдың қаңтарында) АҚШ-та уран өндіретін кәсіпорын сатып алынған. Оның үстіне мұндай әрекет жасырын түрде жүзеге асырылған. ФТБ бұған қатысты іс қозғап, Кремль Хиллари Клинтонға миллион доллардан астам пара берді деп сот палатасына шағым түсірді. Мұндай шаралардың екінші жоспары АҚШ-пен тығыз байланысты. Біздің мамандар 90-жылдары АҚШ-пен бірлесе Семей ядролық полигонына барып, ол жерден ядролық бомба жасау үшін 200 келі байытылған әскери плутонийді алып шыққан.

Америка үшін Германия мен Ресей арасында альянс құру тиімсіз саналады. Америка Құрама Штаттары Путиннің барлық газ және мұнай құбырларын Украина мен Белоруссиядан Германияға (Ресеймен бірлескен 170-ке жуық бірлескен жобасы бар) бұрып жатқанын аңғара бастады, мұндай әрекеттер арқылы Ресей көмірсутектерді Франция мен Испания арасында және жалпы алғанда Еуропада тарататын болады. Америкалықтар, Германия мен Ресей Еуропаны АҚШ-нан алшақтатып, өздерінің саясатын жүргізу үшін блок құрып жатыр деп есептейді.

Біз үнемі бопсалаушылықпен айналысып келеміз. Мәселен, Украина сүт, май, ірімшік, шұжық, шошқа майын, соның ішінде Ресейге белсенді түрде экспорттап келеді. Содан кейін Януковичті орнынан алып тастаған кезде, Путин бірден тиісті қызметтерді жұмылдырып, Украинада бәрі бүлінген, радиациямен ластанған және т.б. тәрізді қауесеттерді тарата бастады. Бір кездері грузин шарабы да осындай жағдайға ұшыраған болатын.

«Иінағаш» салығы

– Арнайы операция барысында Путин жеңіске жетеді деп ойлайсыз ба?

Жоқ. Мұндай арнайы операция күйреумен, құлдыраумен аяқталады. Жеңіске жеткен күннің өзінде, бұл Ресей үшін өліммен тең құбылыс болмақ, өйткені Ресей түпкілікті фашистік пиғылдағы елге айнала бастайтын болады. Алайда, бұл жерде ешқандай жеңіс болмақ емес.

Ресей құрамынан бірінші болып Серёга (Сергей Шойгу) өзінің Тувасымен бірге Моңғолияға, одан кейін Шешенстаннаың басмашысы (Рамзан Кадыров), одан әрі Ингушетия, Дағыстан, кейін қалғандары бөлінетін болады. Ал Ресейдің қалған бөлігіне «иінағаш» салығы енгізіледі. Бірінші Петр тұсында барлық қазына соғыстар мен Петербург құрылысына жұмсалған-ды, осылайша ара, тауық, қоян үшін салық салуға мәжбүр болды, ал оларды өсіруді тоқтатқан кезде жағдай моншаға салынатын салыққа да келіп жетті. Адамдар үйлеріндегі орыс пештерінде жуына бастаған кезде, жуынуға шелекпен су тасығандары үшін иінағаш салығын енгізе бастады.

– Әрине сіз туған, өзіңізге ыстық көрінетін Қазақстандағы оқиғаларды жіті қадағалап отырасыз. Қаңтар айында елімізде қандай жағдай орын алды деп ойлайсыз?

– Назарбаев билікті Тоқаевқа тапсырды, алайда оны толығымен бергісі келмеді. Сондықтан Тоқаев қашып кетеді, елде тәртіпсіздіктер орын алып, Дариғаны уақытша тағайындаймын, ал кейін халық Назарбаевты қайтарайық,– дейді, сөйтіп жаңа сайлауға барамын деген үмітте болды. Осындай ойда жүрді. Бірақ Назарбаев, Тоқаевтың Ресей елшілігіне жүгінетінін ескермеді. Осы сәтте көмекке ҰҚШҰ келіп қосылды, сөйтіп аталмыш ұйым Тоқаевтың билігін сақтап қалды. Ал, осынау қаңтар оқиғаларының барлығын Назарбаев кланынан шыққан адамдардың жасағаны белгілі. Мен Қаскелең шатқалын жақсы білемін, онда отбасы базарларын күзететін жас жігіттер -жауынгерлік жасақтар жаттығу жасайды.

– Дейтұрғанмен, неліктен Путин көмек қолын Назарбаевқа емес, Тоқаевқа ұсынды?

– Себебі ол Назарбаевты жек көреді, Путин өзіне қарағанда, беделді әрі тәжірибелі көрінетін қазақ көшбасшысына қызғанышпен қарайтын және бойын қорқыныш пен үрей билейтін.

– Ал, Путиннің іс-әрекеттері Қазақстанға жете ме?

– Егер біздегі ресейлік мафия жеңіске жететін болса, бұлай болуы мүмкін емес, сөз жоқ Қазақстанға да, Молдоваға да және басқаларына да жетеді.

 – Енді жерде біз қазақстандықтар, Назарбаевқа қалай қарайтын боламыз?

Ақсақал ретінде. Бұл оның кінәсі, оның қолына бүкіл билік тізгінін ұстатқан және оның қайтарымын, өтеуін талап етіп сұрамаған халықтың кінәсі. Ельцинді жүгенмен, тізгіндеп ұстағаны белгілі. Оны импичментпен де қорқытты, бүлік шығарумен де зәре құтын қашырды, сөйтіп ол формасын сақтауға мәжбүр болды, сол себепті мұндай жағдайдың жай-жапсарын жақсы түсінген ол, өмірінің соңына дейін орнында отыруды жөн санамады.

«Нөлдік», «жемісті» заман орнап, адамдар тыныштала бастады …

Мерей Сугирбаева




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *