English version

Несие төлей алмай жүрген азаматтарға қатысты заң қолданысқа енеді

Контекст дня — 11 января 2023 15:35
0 -1

Биыл наурыз айынан бастап «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» заң  қолданысқа енеді. Бұл тураы Қазақстан үкіметінің отырысында қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды Exclusive.kz Primeminister.kz сілтеме жасап.

Құжат кредитін төлей алмай, қиындыққа тап болған жеке тұлғалардың құқықтарын қорғауға бағытталған. Заңда рәсімдердің үш түрі қарастырылған:

Соттан тыс банкроттық;

Ссот арқылы банкроттық;

Қабілеттілігін қалпына келтіру.

Үкімет басшысы Алихан Смаиловтың айтуынша, жылдам қарыз алу үшін кредиттік тарихының дұрыс болуына азаматтардың өздері мүдделі болуы қажет.

«Заң күшіне енгеннен кейін азаматтардың да жауапкершілігі артатын болады. Алдағы уақытта жылдам қарыз алу үшін кредиттік тарихының дұрыс болуына азаматтардың өздері мүдделі болуы тиіс. Банкрот деп мойындау қарыздарды төлемей кету емес, тек шарасыз жағдайдағы көмек екенін әркім білуі керек», – деді Смайылов.

Айта кетейік, банкроттық жариялау рәсімдеріне қарыз алушының өзі ғана бастамашы болады.

Фото: ашық дереккөз

Изображение 1 для Несие төлей алмай жүрген азаматтарға қатысты заң қолданысқа енеді
https://t.me/kzexclusive

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.