Ниқаб киіп, бет тұмшалауды заңмен шектеу керек – заңгер
Белгілі заңгер әрі қоғам белсендісі Айгүл Орынбек Стамбул көшелерінің біріндегі жарылысқа қатысты жазба жариялады.
Заңгердің айтуынша, бұл жарылыс – біздің елге де сигнал. Сондай-ақ, ниқаб киюді, бет тұмшалауды заңмен шектеуді ұсынды.
— Стамбұлдағы жарылыс бұл біздің елге де сигнал! Стамбұлдағы жарылысты әйел адам жасаған деп отыр! Соңғы уақытта біздің елде тик-ток әлеуметтік желісінде қара жамылған қарғалар көбейіп кетті деп дабыл қағып келемін. Дабыл қағуым бекер емес! Отырып алып уағыз айтуларынан бөлек құдды өз уақыттарын күтіп, бір нәрсеге дайындалып жүргендей көремін . Қолдарына қару алулары да бекер емес! Парламент депутаттары шұғыл түрде Мемлекетіміздің қауіпсіздігі үшін қара Ниқаб киюді, бет тұмшалауды заңмен шектеу керек! Құзырлы органдар жұмыс істеу үшін оларға заң керек!Кеш болмай тұрып, тиісті заң шығарып бізде миы уланған зомбиларды елімізден тазартайық, – деп жазды ол.
Фото: lifejournal.com

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.