English version

Әнші Юрий Шатунов қайтыс болды

Контекст дня — 23 июня 2022 17:15
0 -1

«Ласковый май» тобының бұрынғы әншісі Юрий Шатунов Мәскеуде қайтыс болды.

Қаралы хабарлы әншінің директоры Аркадий Кудряшов жеткізді. Ақпаратты медициналық орталықтағы дереккөздер де растады.

48 жастағы Шатуновтың өліміне себеп – инфаркт. Ол түнде жедел жәрдем ішінде көз жұмған.

Юрий Шатунов 1973 жылы Башқұрт АССР-де дүниеге келген. Ата-анасы үш жасында ажырасып, 11 жасында анасы қайтыс болған.

Болашақ жұлдыз балалық шағын балалар үйінде өткізеді. Шатунов әуесқой үйірме жетекшісі Сергей Кузнецовпен кездесіп, танысқан. Осы сәттен бастап «Ласковый май» тобының тарихы басталды.

Изображение 1 для Әнші Юрий Шатунов қайтыс болды

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.