Нығматулин құрбандығынан ақтала бастағандар не дейді? - Exclusive
Поддержать

Нығматулин құрбандығынан ақтала бастағандар не дейді?

Өткен аптаның соңында экс премьер Серік Ахметовтің толық ақталып шығуға тырысып жатқаны туралы хабар тарай бастаған болатын. Мұндай хабар-ошарға, әрине, кең мағынасында болмашы оқиға ретінде қарап, жаңалықтар легін одан әрі ақтара беруге болар еді, алайда бұл жаңалықтардың – қарағандылық клан ендігі жерде Ақорданың нысанына айналады бастады сияқты өзге де соңғы тың оқиғалармен байланысты болуы әбден мүмкін.

Байқала бермейтін жағдай

Естеріңізге сала кетейік, Серік Ахметовке қарқынды да маңызды басқарушылық қызметінде үш эпизод бойынша айып тағылған болатын. Негізінен ол өз кінәсін мойындаған жоқ, бірақ соттан да, халықтан да емес, сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаевтан кешірім сұрауымен ерекшеленген тұлға. Осыдан соң өзін «қарапайым сарбазға» теңеген еді, алайда үкіметті басқарған осынау «әмбебап сарбаздың» әкім және министр қызметін атқарғанын нақтылап алған жөн тәрізді. Яғни, Қазақстанның көптеген «А» класындағы мемлекеттік қызметшілері сияқты бірқатар қызметтерде болған басшы ретінде көпшілікке танылған адам.

Оның жағдайында, үлкен шенеуніктерді айыптау мен айыптауға қатысты әдеттегідей, құқық қолдану практикасы көбінесе «бәрібір түрмеге қамау үшін», яғни күдіктіні ұстағанға дейін жиналған немесе асығыс жиналған «дәлелдемелер» жиынтығы түрінде ұсынылған болатын. Өз кезегінде, қоғам үшін мұндай жағдайлар ерекше эмоция тудырмайды, өйткені біздің азаматтарымызға шенеуніктің бір жалақыға өмір сүріп, тіпті қайын енесін асырай алатындығына, өзінің атына тіркелген үш қабатты зәулім үйде өмір сүретініне сендіру қиын екені белгілі жәйт.

Біздің пайымымыз бойынша нақты осындай себептерге байланысты Серік Ахметовтің істі қайта қарау туралы Жоғарғы сотқа жолдаған өтініші қоғамда үлкен дүрбелең тудырмады. Оның үстіне дәстүрлі БАҚ өкілдері мен дәстүрлі емес блогерлер бұл әрекетті сәнге деген құрмет ретінде ұсынған-ды, сөйтіп «екінші республика» жарияланған сәттен бастап барлығы әділдікке жүгініп, сотқа шағымдана бастады. Бұл жақсы әрекет нышаны, оған ешкімнің күмәні болмауы тиіс. Оның үстіне, бұрынғы министрлер мен әкімдер бюрократиялық мүмкіндіктерге ғана емес, азаматтық құқықтарға да ие бола бастады. Ал ішкі саяси жағдайдың өзі «әділдіктің қалпына келуіне» белгілі бір мүмкіндіктер бере бастайтыны белгілі.

Әйтсе де Ахметовке қатысты жаңалықтарды, әсіресе Қарағанды облысының әкімі лауазымындағы қызметіне қатысты тағылған айыптарды назардан тыс қалдыруға болмайды. Біз айыптау қорытындысында қанша пайыз шындық болғанын айта алмаймыз. Бұл жерде аймақтың жеке өзіне және «су асты ағындарына» назар аудару маңызды құбылыс саналатыны сөзсіз.

«Бұл менің саяжайым!»

Тіпті билікке немесе оның жекелеген өкілдеріне жақын саясаттанушылар мен сарапшылардың өздері Нұрсұлтан Назарбаев құрған мықты президенттік вертикальдің, көптеген жылдар бойы жергілікті жерлерде дүрбелең тудырғанын атап өтеді. Бұл туралы жеке ғылыми диссертация жазуға да болар еді, бірақ біз тек бір аспектіге ғана назар аударып отырмыз, яғни аймақтық элита жоғарыдан тағайындалған әкімнен бас тартуы мүмкін, сондықтан Ақорда әрбір тағайындау, орындарын ауыстыру алдында, облыс (қала) басшысын тағайындаған кезде барлық жағдайды таразылап алуы тиіс еді. Мұндай наразылықтар беделіне нұқсан келтіретін материалдардың, ақпараттық арандатушылықтардың немесе осындай рухта белгілі бір құбылыстардың пайда болуымен көрінуі мүмкін, бірақ Қарағанды облысы өзін барынша айқын көрсете білген аймақ, бұрынғы қылмыстық қудалаудың барлық кезеңдері бойынша екі әкімге қатысты айып тағылып, олар колонияға тоғытылып тынды.

Осындай тұлғалардың қатарында еңбек кітапшасында «Премьер-министр» деген жазба жазылып, Қорғаныс министрінің креслосына әрең отырған Серік Ахметовті де атауға болады. Серік Нығметұлы ұсталған сәтте, тіпті өзінен бұрын қызмет атқарған Әділбек Жақсыбеков кезінде де кеңседе орнатылған «телефонды тыңдау» жұмыс істегенін айтқан еді. Алайда, бұл басқа немесе мүлдем басқа оқиға. Ендеше, Ахметовтің өңірдің бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев сияқты жергілікті элитаға, дәлірек айтсақ, қарағандылық кланға ұнамағаны жасырын емес, дегенмен кейбіреулер бұған ол екеуінің қандай да бір қатысы бар дегенді алға тартады.

Бір жарым жыл аймақ әкімінің креслосында отырған, отставкаға кеткеннен кейін бірнеше ай өткен соң көптеген айыптар тағылып, «колонияға жолдама» алған Әбдішев мырза, әзірге үнсіз отыр. Бірақ, неліктен Ахметов «көлеңкеден шығуға» шешім қабылдады?

Сонымен, Серік Нығметұлын облыс тумасы болса да, оны «бөтенге» санап қабыл алмады. Тек қабылдамай тастаған жоқ, шеніне қарамастан жазаға тартты. Әрине, Ақорданың сол кездегі қожайынының ойын ережелеріне сүйене отырып, тепе-теңдік үшін басқа кландарға да алдын-ала соққылар жасала бастады, бірақ бұл жолы ағайынды Нығматулиндер орталық қазақстан – «олардың саяжайы» екенін және ешкім, тіпті Астана да алдын-ала келісімсіз, оған қол сала алмайтынын ашық білдірді, ал өз қағидасын ұстанған экс-премьер Ахметов мұндай істі шешуге шешім қабылдағандай көрінеді.

Өзге де тұлғалар…

Бірақ бұл мәселеде Ахметов жалғыз болған жоқ. Өткен аптада журналистік ортаны дүр сілкіндірген жаңалық орын алды, заңгер Джохар Утебеков: «Бас прокуратура істі ұзақ зерттегеннен кейін менің берген өтінішімді қанағаттандырды! Осылайша заңгер бас прокуратура Қазақстан Республикасы Журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев пен оның ұлы Әсеттің әділетсіз үкіміне наразылық білдірді» деп мәлімдеме жасады. Эмоцияға берілмей, шындықты тереңірек түсінуге тырысатын болсақ, мұндай әрекеттің сенсациялық оқиғаның соңы емес екенін бірден түсінуге болатындай қабылданады.

Бұл жерде қарағандылық клан мен ағайынды Нығматулиндердің қатысы қандай? Жауап өте қарапайым. Мәжілістің сол кездегі спикері Нұрлан Нығматулин, сондай-ақ басқа да бірқатар жоғары және жоғары дәрежелі тұлғалар – Сейітқазы Матаев өзі жүргізіп отырған істің тапсырыс берушілері ретінде көрсеткен тізімге енген адамдар. Матаевтарға – үндемеу, Алматының орталығындағы ғимаратты тартып алу, ҚазТАГ озық ақпарат агенттігіне «рейдерлік» әрекет жасау (өздеріне жұмыс істеуге мәжбүрлеу) сияқты көптеген уәде берілген.

Басқаша айтқанда, Бас прокуратура Өтебековтың өтінішін қанағаттандырып қана қойған жоқ деген қорытындыға келіп отырмыз. Бәлкім солай болды делік, ал бізге Нығматуллиндердің есімімен тікелей байланысты басқа жағдайлардың да орын алғаны белгілі болды. Сонымен, күш құрылымдарының бірі балқаштық кәсіпкер Қуат Сұлтанбековты қылмыстық қудалау бойынша жаңа тергеу жүргізуге бастамашылық танытқан көрінеді. Кезінде кәсіпкер Ерлан Нығматулиннің бизнес-серіктесі болған, кейін араларында түсінбестік туындап, Сұлтанбековтың жақын адамдарының пікірінше он жыл бұрын оған жасырын тапанша салып жіберген және 3,5 жылға соттаған. Осы оқиғадан соң ол бостандыққа шықпады – оған колониядағы режимді қасақана бұзды деген айып тағылып, әр жолы оған жаңа мерзім берілді. Ендігі жерде Сұлтанбеков елорданың тергеу изоляторында қамауда отыр, ал оған жала жапқандар қазірдің өзінде өздерінің кінәларын мойындауда.

Жақын арада, сонау 2009 жылы Ерлан Зайроллаұлының үстінен, яғни оның жергілікті сот органдарына жасаған қысымы туралы арыз жазған балқаштық адвокат Зинаида Мухортованың ісі де жаңа тыныс алуы тиіс. Осы шағымының нәтижесінде Зинаида Жұматайқызы «көрінеу жалған мәлімдеме жасады» деп айыпталған еді, алайда Мухортова «нақты тұлғаларға қатысты сандырақ жағдайы» диагнозы негізінде қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, екі рет психиатриялық ауруханаға мәжбүрлеп емделуге жатқызылды. Жалпы алғанда ол Нығматулиндердің классикалық құрбанына айналған адам, дегенмен табандылық танытып, күресуді жалғастыра берген жан.

Мақсат немесе құрбандық?

Бұл жолы Зинаида Жұматқызының Матаевтар, Сұлтанбеков және Ахметов сияқты жолы болатынына сеніміміз зор. Шындығына келгенде мәселе бұл адамдарды қандай да бір оңалту, олардың істерін қайта қарау туралы болып отырғаны белгілі. Алайда, келесі логикалық қадам жоғарыда аталған тұлғаларды жауапқа тартуға бастамашылық танытқандарға айып тағылуы тиіс, осылайша оларды жауапқа тарту талап етілетіні белгілі. Әзірге Ерлан Нығматулиннің рейдерлік немесе басқа да келеңсіз әрекеттерінің заңды түрде мойындалу ықтималдығына сену қиындық тудыратыны сөзсіз. Бірақ осыдан жарты жыл бұрын, қазіргі жағдайдың өзі ойға келмейтін құбылыс ретінде көрінген жоқ па еді?

Қалай болғанда да, ағайынды Нығматуллиндермен байланысты бірнеше ақтала бастаған істер ендігі жерде кездейсоқтыққа ұқсамайтындай көрінеді, бірақ мұндай әрекет Қарағанды кланының капиталдарына жасалған тікелей шабуылға да ұқсамайды. Бір белгілісі жаңа саяси маусым басталмай тұрып (2022 жылдың 22 қыркүйегі), бірқатар «су асты ағындарын» бағалауға болатын жаңа «саяси айсберг» шыңдарының пайда болатыны анық.

Әрине, билік басындағы қазіргі және сәл ығыстырылып шеттетілген кландардың кек алуға тырысатыны белгілі құбылыс. Алайда байыппен пайымдасақ, әзірше сауда-саттық жүріп жатқан сияқты. Ақордада сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен қаржы мониторингі агенттігінің көмегімен қазір маңызды міндеттердің бірі ретінде, белгілі бір ҚСТ – дың (қаржылық саяси топтар) «майын алу» саналады, яғни ыңғайы келгенде ымыраға келу, ал кейбір сәттерде неғұрлым батыл әрекет ету.

Бүгінгі күні Нығматулин кім және қандай тұлға: «Жаңа Қазақстанның» мақсаты ма, әлде «екінші республиканың» даңқы үшін құрбан болуға қолайлы үміткер ме? Әзірге бұл сұраққа жауап беру қиындық келтіретіні сөзсіз. Қарағандылық клан өткен режим кезінде сақшы болған кейбір күштік құрылымдардың бұрынғы қызметкерлері сияқты әлі де мықты. Мәселен, Олеся Кексельдің басынан өткен оқиғаларға қатысы бар және осы істің артында тұрған адамдар жайлы да осыны аттуға болады. Алайда бұл сәл өзгеше оқиға…

Мирас Нурмуханбетов




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *