Құны 1,6 миллиард теңге болатын орман учаскесі мемлекетке қайтарылды
Құны 1,6 миллиард теңге тұратын орман қорының учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі Ақмола облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
Осылайша, мемлекет меншігіне Ақкөл ауданының прокуратурасымен жалпы ауданы 264 гектар сауықтыру, туристік және спорттық мақсаттар үшін ұзақ мерзімге пайдалануға берілген орман қорының учаскесі қайтарылды.
– Учаске 2018 жылдан бастап көзделген мақсатта пайдаланбаған, жалдау ақысы төленбеген. Сонымен қатар, орман өрттері қаупінің жоғары дәрежесіне қарамастан, олардың алдын алу бойынша іс-шаралар жүргізбей, өртке қарсы жоспарлар әзірлемеген, – деп жазылған хабарламада.
Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімі бойынша, ұзақ мерзімді орман пайдалану шарты бұзылып, жалпы құны 1,6 миллиард теңге болатын учаске мемлекет меншігіне қайтарылды.
Фото: ашық дереккөз



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.