Ya Metrika Fast


English version

Құны 170 миллион теңгеден асатын жер мемлекетке қайтарылды

Контекст дня — 17 февраля 2024 17:00
0
Изображение 1 для Құны 170 миллион теңгеден асатын жер мемлекетке қайтарылды

Мемлекетке құны 170 млн теңгеден асатын 58 мың гектардан астам жер қайтарылды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

Алакөл ауданында құны 90 млн теңге болатын 43 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы жерлері қайтарылған. Сондай-ақ Қаратал ауданында құны 84 млн теңгеден асатын тағы 15 мың гектар жайылымды жерлері бар.


– Бұл жерлер игерілмеген және ұзақ уақыт бойы мақсатына сай пайдаланылмаған. Прокуратураның қадағалау актісі бойынша жер мемлекетке қайтарылды.
Алдағы уақытта жер учаскелері тиімді пайдалану үшін кезекте тұрған тұлғаларға берілетін болады, – деп жазылған Жетісу облысы прокуратурасының хабарламасында.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.