Құны 22 млрд доллар құжат: Қазақстан мен Қытай қандай келісімге келді?
Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға сапары аясында қазақ-қытай инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты, деп хабарлайды Exclusive.kz.
Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, президент әлемдегі күрделі экономикалық жағдайға қарамастан, Қазақстан мен Қытайдың сауда-экономикалық қатынасы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
– Өткен жылдың қорытындысы бойынша екіжақты сауда-саттық көлемі рекордтық көрсеткішке – 31 миллиард долларға жетті. Қытай Қазақстан экономикасына қаржы құйған бес ірі инвестордың қатарына кіреді. Құйылған инвестицияның жалпы көлемі 23 миллиард доллардан асты, – деді Тоқаев.
Жиын барысында CITIC Group басқарма төрағасы Чжу Хэсинь, China National Petroleum Corporation (CNPC) төрағасы Дай Хоулян, Asian Infrastructure Investment Bank вице-президенті Шукнехт Людгер, POWERCHINA компаниясының төрағасы Дин Яньчжан, China General Technology Holding (GENERTEC) басқарма төрағасы Юй Сюйбо, СOFCO компаниясының төрағасы Цзинь Лю, Xuzhou Construction Machinary Group (XCMG) президенті Лу Чуань, JD Group басқарма төрағасының орынбасары Вэй Е, Sun Seven Star Investment Group басқарма төрағасы У Чжэн, Xian Aiju Grain and Oil Industrial Group басқарма төрағасы Цзя Хэи, Great Wall Motors вице-президенті Чжан Цзюньсюэ сөз сөйледі.
Осылайша, Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХР-ға мемлекеттік сапары аясында құны 22 миллиард доллар болатын 47 құжатқа қол қойылды.
Фото: aqorda
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.