Нығматуллиннің ұлдары иелік ететін зауытта екі жұмысшы химиялық күйік алды
Жамбыл фосфор зауытында екі жұмысшы химиялық күйік алды. Зауыт Нұрлан Нығматуллиннің ұлдарының басқаруындағы «Қазфосфат» ЖШС құрамында, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
Оқыс оқиға туралы журналист Михаил Козачков Telegram-арнасында жазды.
– 3 тамызда Тараздағы «Жаңа Жамбыл фосфор зауыты» ЖШС аумағында төтенше жағдай орын алды. Екі адам химиялық күйік алды, – деп жазылған хабарламада.
КазТаг басылымының мәліметіне сәйкес, жұмысшылар сары фосфорға күйіп қалған. Біреуі күйік бөлімінде, екіншісінің жағдайы ауыр.
Фото: Телеграм/Козачков
Поделиться публикацией



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.