English version

Олигархтар халыққа «түкіріп», елге зиянын тигізіп жатыр – депутат

Контекст дня — 29 ноября 2022 17:30
0 -1

Тікелей эфир барысында түкірген Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров көпшіліктің сынына қалды.

Ерлан Саиров Хабар 24 арнасына елдегі жылу-электр орталықтарындағы мәселелерге қатысты сұрақтарға жауап берді. Тікелей эфир барысында депутаттың түкіргені де камераға түсіп қалған. Кейін депутат өзінің бұл әрекетіне түсініктеме беріп, халықтан кешірім сұрады.

Мәжіліс депутатының пікірінше, олигархтар халыққа, қоғамға «түкіріп», зиянын тигізіп жатыр. Сондай-ақ олигархтардың саяси аренадан кетуі тиіс екенін айтты.

– Менің қақаған аязда жерге «түкіргенімді» бір жақты еттік.
Ал олигархтардың халыққа түкіргенін не істейміз? Олигархтар халыққа, қоғамға, мемлекетке қанша рет «түкіріп», елге зиянын тигізуде. Олардың халықтың мұң-мұқтажы мен мемлекетке расында зиянын қалай есептейміз? Ертең еліміздің жылу энергетика саласына қатысты Депутаттық Сауал жолдаймын.
Олигархтар құбылыс ретінде саяси, экономикалық аренадан кетуі керек!, – деп жазды депутат.

Фото: Sputnik


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.