Онкологиядан елімізде жылына 12 мың адам қайтыс болады
Бүгін – обырға қарсы күрес күні. Жыл сайын 4 ақпанда Халықаралық обырға қарсы күрес одағының (UICC) бастамасымен Дүниежүзілік обырға қарсы күрес күні атап өтіледі. Мақсаты – халықтың онкологиялық аурулардың профилактикасы және ерте анықтау туралы хабардар болуын арттыру, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, Қазақстанда жыл сайын 40 мыңға жуық адам обырға шалдығады. 2023 жылдың қорытындысы бойынша онкологиялық есепте 218 мың қазақстандық тұр, онкологиядан 12 мыңнан астам адам қайтыс болды.
Қазақстанда ең көп таралған обырдың түрлері: сүт безі обыры, колоректалдық обыр, өкпе обыры, асқазан обыры, жатыр мойны обыры.
Фото: ашық дереккөз
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.