Онлайн үйлену: Банк қосымшалары арқылы некеге тұруға өтініш беруге болады
Қазақстан азаматтары Halyk Bank және Kaspi.kz. қосымшалары арқылы некеге тұруға өтініш бере алады, деп хабарлайды Exclusive.kz.
Үй боламын деп ниеттенген жастар мобильдік қосымша арқылы қызметті алу үшін «Мемқызметтер» бөлімінде өтінішті толтырып, мемлекеттік баж (1 АЕК – 3 450 теңге) төлеуі керек.
Екінші қызмет алушы 48 сағат ішінде өтінімді растауы қажет. 15 күнтізбелік күн өткеннен кейін АХАТ органдары жас жұбайлардың қатысуымен неке қиюды тіркейді.
Фото: ашық дереккөз
Поделиться публикацией



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.