Оппозициялық саясаткер Жасарал Қуанышалин қайтыс болды
Алматыда белгілі оппозициялық саясаткер Жасарал Қуанышалин қайтыс болды, деп хабарлайды Exclusive.kz Азаттық радиосына сілтеме жасап.
– Алматыда 74 жастағы оппозициялық саясаткер әрі диссидент Жасарал Қуанышалин қайтыс болды, ол бір күн бұрын денсаулығының күрт нашарлауына байланысты ауруханаға жатқызылған еді, – деп жазылған хабарламада.
Оппозиционердің қайтыс болуы туралы ақпаратты белсенді Ниязбек Юсупов растаған.
Жасарал Қуанышалин 1949 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды, «Азат» азаматтық қозғалысы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.
Фото: Vlast.kz
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.