English version

«Қор азайды»: Қазақстан пияз экспортына тыйым салды

Контекст дня — 24 января 2023 15:35
0 -1

Қазақстанда пиязға деген сұраныс айтарлықтай өсті. Күн суытуына байланысты Өзбекстанда, Пәкістанда және Ресейде пиязға сұраныс артып, бағасы өскен. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Exclusive.kz.

– Біздің елде де пияз бағасы 170 теңгеге дейін өсті. Әрине, біз қазір елде бізде бар өнімнің тапшылығына жол бермейміз. Сондықтан сыртқы сауда қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия үш айға пияз экспортына тыйым салу туралы шешім қабылдады. Бізге айына 30 мың тонна пияз қажет. Үш айда 90 мың тонна, – деді Жұманғарин.

Жұманғариннің айтуынша, пияз Қазақстаннан контрабандамен шығарылады. Қазір шекара қызметтері мен Мемлекеттік кірістер комитеті жағдайды бақылауға алған.

Фото: ашық дереккөз

Изображение 1 для «Қор азайды»: Қазақстан пияз экспортына тыйым салды
https://t.me/kzexclusive

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.