Ya Metrika Fast


English version

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің басшысы қызметінен босатылды

Контекст дня — 17 июля 2023 17:00
0
Изображение 1 для Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің басшысы қызметінен босатылды

Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің басшысы Нұрлан Қылышбаев қызметінен босатылды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында Нұрлан Қылышбаевтың қызметінен кеткені туралы ақпарат жарияланды.

– Бүгіннен бастап мен басқа жұмысқа ауысуыма байланысты экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіндегі жұмысымды аяқтаймын. Өз елімнің табиғатына қызмет ету мен үшін үлкен мәртебе және үлкен жауапкершілік болды. Әріптестеріме алғыс білдіремін және жұмыста сәттілік тілеймін, – деп жазды Нұрлан Қылышбаев комитеттің ресми парақшасында.


Айта кетейік, Қылышбаев бұл қызметке 2022 жылдың ақпан айында тағайындалған еді. 2021 жылдың желтоқсан айының соңында Сенат Нұрлан Қылышбаевтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.