English version

«Орны толмас қасірет»: Нұрсұлтан Назарбаев үндеу жасады

Контекст дня — 17 ноября 2023 18:10
0 -1

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев інісі Болат Назарбаевтың қазасына қатысты үндеу жасады, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

– Інімнің мезгілсіз қайтыс болуына орай айтылған жылы сөздер мен шынайы тілектеріңізге ризашылығымды білдіремін. Осындай ауыр сәтте сіздердің көрсеткен қолдауларыңыз маған күш-қуат берді. Жақын адамнан айырылу орны толмас қасірет. Ол ұзақ жылдар бойы ауырды, бірақ бізге ешқашан қиналғанын білдіртпеді. Соңғы күндері бірқатар елдің басшыларынан көңіл айту жеделхаттарын алып жатырмын. Сондай-ақ, маған еліміздің саяси және қоғам қайраткерлерінен, депуттатар мен дипломаттардан, діни қызметкерлер мен бизнес қоғамдастық өкілдерінен, сондай-ақ көптеген қазақстандықтардан хаттар келіп түсті. Қайғымды бөлісіп, қолдау білдірген барлық жанға алғысымды айтамын. Шынайы ниеттеріңізге көп рахмет, – деді Назарбаев.

Еске салайық, Болат Назарбаев 71 жасына қараған шағында қайтыс болды. 4 қараша күні бірқатар қазақстандық БАҚ Болат Назарбаевтың жағдайы ауыр деп хабарлаған болатын.

Фото: РБК


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.