Қосанов президент сайлауына түсуге дайын екенін мәлімдед
Белгілі саясаткер Әміржан Қосанов Facebook желісіндегі ресми парақшасында жазба жариялап, алдағы кезектен тыс Президент сайлауына қатысатындығын мәлімдеді.
– Тоқаев Назарбаевтың стилінде кезектен тыс президент сайлауын жариялады. Уақыт тығыз. Әрине, ыңғайсыз адамдарды Орталық сайлау комиссиясы тіркемес. Бір бәле табады ғой. Бірақ, мен 2019 жылы бар ресми процедурадан өткенмін. Иә, Әблязов, Қажыгелдин, тағы басқа ескі оппозиция мені қаралады, бірақ ертең басқа билік қарсыласын тіркесе, қолдаймын. Тіркемесе, президенттікке ұсынылып, тіркелуге мен дайын, өйткені тіркелу үшін заң жағынан мінсізбін, – деп жазды Қосанов.
Бүгінгі Жолдауда Қасым-Жомарт Тоқаев биыл күзде кезектен тыс президент сайлауын өткізуді ұсынды.
– Мен биылғы күзде кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынамын. Мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік. Сондықтан мен өкілеттік мерзімімді қысқартуға және кезектен тыс президент сайлауына баруға дайынмын. Сондай-ақ, мен көп ойланып, Президент өкілеттігі мерзімдерінің санын және ұзақтығын қайта қарау қажет деген байламға келдім. Президент мандатын ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынамын. Бірақ қайта сайлануға тыйым салынады, – деді ол.
Айта кетейік, Әміржан Қосанов 2019 жылы президент сайлауына қатысты.
Фото: скриншот
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.