English version

«Қош, Елбасы»: Назарбаевтың ресми сайты домендік атауын өзгертті

Контекст дня — 16 февраля 2023 16:50
0 -1

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайты домендік elbasy.kz атауын nazarbayev.kz-ке өзгертті, деп хабарлайды Exclusive.kz.

Бұл өзгеріс «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» заңының күші жойылғанына байланысты болуы мүмкін.

Кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» заңның күшін жою туралы құжатқа қол қойды.

– Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды, – деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, elbasy.kz домендік атауы әлі де жарамды және осы сайтқа сілтеме жасалынған.

Фото: Турар Казангапов


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.