Қошанов Қазақстандағы тіл мәселесі туралы пікір білдірді
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстандағы тіл мәселесі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
Мәжіліс кулуарында журналистер Ерлан Қошановтан мәжіліс депутаты Ринат Заитовтың қазақстандық мектептерде орыс тілін үйрену сағаттарын қысқарту қажет деген сөзіне түсініктеме беруін сұрады.
– Мәселеге бұлай қарамаңыздар. Мәжілісте әр түрлі пікірдегі депутаттар жиналған. Олар өз пікірін айтады, біз оларға тыйым сала алмаймыз. Орыс тіліне тыйым салу керек пе немесе мемлекеттік тілді дамыту қажет пе?! Егер Қазақстан халқы көп тілді білсе, өзге елден бір саты жоғары боламыз. Орыс тілі де, ағылшын тілі де қажет. Алайда, бірінші кезекте мемлекеттік тілге басымдық беріледі. Сондықтан мектепті бітірген балаларымыз мемлекеттік тілді еркін меңгеруі тиіс. Біз мемлекеттік тіл мәселесін басқа тілдерді оқытуды қысқарту есебінен шешпеуіміз керек, бәрін дамытуымыз қажет. Бірақ мемлекеттік тілге басымдық берілуі тиіс, – деді Қошанов.
Фото: sputnik



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.