Қошанов сайлау туралы: Жеңілгендер әрқашан наразы болады
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Мәжіліс пен мәслихат сайлауы әділ және ашық өткенін айтты, деп хабарлайды Exclusive.kz.
Қошановтың айтуынша, сайлауда жеңілгендер әрдайым наразы болады.
– Наразыларға келетін болсақ, мен ештеңе айта алмаймын. Жеңілгендер, әрине, әрқашан наразы болады. Менің ойымша, бұл жерде үлкен шу жоқ. Бұл түсінікті. Мұндай процесс әрқашан болған, – деді Еран Қошанов.
Айта кетейік, бүгін Ерлан Қошанов Мәжіліс төрағасы болып қайта сайланды. Парламент мәжілісінің жалпы отырысында VIIІ шақырылымының депутаттары жасырын дауыс беру арқылы оның кандидатурасына дауыс берді.
Фото: ашық дереккөз
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.