ОСК президент болуды мақсат тұтпайтын Тұрсынбекованың кандидатурасын мақұлдады
Орталық сайлау комиссиясы Салтанат Тұрсынбекованың кандидатурасын мақұлдап, ресми түрде үміткер ретінде тіркеді.
ОСК президент болуды мақсат тұтпайтын Тұрсынбекованың кандидатурасын мақұлдады
Салтанат Тұрсынбекова Қазақстанның 18 өңірінен 119316 адамның қолын жинаған. Кезектен тыс президент сайлауына 1 ай уақыт қалды.
Қазіргі есеп бойынша резиденттікке үміткер ретінде бес кандидат ресми тіркелді:
Қасым-Жомарт Тоқаев – «Халық коалициясы»;
Мейрам Қажыкен – «Аманат» кәсіпкерлер достастығы;
Жигули Дайрабаев – «Ауыл» партиясы;
Қарақат Әбден – «Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы»;
Салтанат Тұрсынбекова – «Қазақ аналары – дәстүрге жол».
Фото: ашық дереккөз

Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.