Қостанай халықаралық әуежайына Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді

Қостанайдағы халықаралық әуежайға ресми түрде Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді. ҚР премьер-министрі Әлихан Смайыловтың қаулысы НҚА ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды.
Бұған дейін әуежай қызметкерлері әуежайға Ахмет Байтұрсынұлының есімін беру туралы бастама көтерген болатын. Депутаттар бұл ұсынысты қолдады.
Ахмет Байтұрсынұлы – ағартшы, лингвист-ғалым, ақын және аудармашы, қоғам қайраткері. Торғай облысының (Қазіргі Қостанай облысы) тумасы. Осы жылы Қазақстанда Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толу мерейтойы өтеді.
– «Қостанай» халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамына Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілсін, – делінген Үкімет қаулысында.
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.