English version

Қостанайда орман шаруашылығы мекемесінің басшысы қамауға алынды

Контекст дня — 15 сентября 2022 18:10
0 -1

Әулиекөл ауданындағы орман өртіне қатысты Басаман орман шаруашылығы мекемесінің басшысы қамауға алынды.

Бұл туралы Қостанай облыстық прокуратурасы хабарлады.

13 қыркүйек күні Басаман орман шаруашылығы мекемесі КММ-нің басшылығына қатысты ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымды өкілеттіктерін теріс пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын (ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы) бастаған.

Мекеме басшысы өылмыстық-процестік кодекстің 128-бабы тәртібінде ұсталған. Қазір уақытша ұстау изоляторында қамауда.

15 қыркүйек күні сотпен мекеме басшысына қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді.

Фото ашық деректерден


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.