Ya Metrika Fast


English version

Қостанайда психикалық денсаулық орталығының бас дәрігері сотталды

Контекст дня — 17 июля 2023 14:50
0
Изображение 1 для Қостанайда психикалық денсаулық орталығының бас дәрігері сотталды

Қостанайда психикалық денсаулық орталығының бас дәрігеріне медицина саласында қызмет атқаруға тыйым салынды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

Қостанайдың № 2 сотында психикалық денсаулық орталығының бас дәрігері Владимир Михайленкоға сот үкімі жарияланды. Сотта айтылған мәліметтерге сәйкес, сотталушы әріптестерімен бірге куәландыру нәтижелерін қолдан жасаған. Жүргізушіні әкімшілік жауапкершіліктен заңсыз босату мақсатында орталықтың нарколог-дәрігерлеріне куәландыру нәтижелерін өзгертуге нұсқау берілгені атап өтілді.

Бұл іс сотқа дейінгі жедел іс жүргізуде қаралды. Талқылау барысында сотталушылар прокурормен кінәсін мойындау туралы іс жүргізу келісімін жасасты.


Қазір Қостанай облыстық психикалық денсаулық орталығы бас дәрігерінің міндеттерін басшының орынбасары атқарады.

Фото:


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.