Парламент Африкаға бітімгерлер жіберу туралы ұсынысты мақұлдады
Парламент мемлекет басшысының Орталық Азия, Конго, Мали және Ливандағы БҰҰ миссияларына қатысу үшін Қазақстан Қарулы Күштерінің бітімгершілік контингентін жіберу туралы ұсынысын мақұлдады.
Руслан Жақсылықов Парламент палаталарының бірлескен отырысында БҰҰ-ның Ливандағы уақытша күштерінің миссиясына қатысу үшін шамамен 430 әскери қызметшіні Қарулы күштердің бітімгершілік контингентін жіберу туралы ұсыныс енгізетінін айтты.
– Конституцияның 53-бабы 5-тармағына сәйкес БҰҰ-ның Орталық Африка Республикасындағы тұрақтандыру жөніндегі көпбейінді кешенді миссиясына, БҰҰ-ның Конго Демократиялық Республикасындағы тұрақтандыру жөніндегі миссиясына, БҰҰ-ның Малидегі тұрақтандыру жөніндегі көпбейінді кешенді миссиясына, БҰҰ-ның Ливандағы уақытша күштерінің миссиясына қатысу үшін шамамен 430 әскери қызметшіні Қарулы күштердің бітімгершілік контингентін жіберу туралы ұсыныс енгіземін, – деді Жақсылықов.
Сондай-ақ, министр Қазақстанның штабтық офицерлер мен әскери байқаушылар ретінде жекелеген әскери қызметшілерді, БҰҰ миссияларында барынша сұранысқа ие жаяу әскер, медициналық, барлау, инженерлік әскери полиция бөлімшелерін бөлуге дайын екенін мәлімдеді.
– Бағалау және іріктеу бірнеше кезеңнен тұрады. Біз Қазақстаннан БҰҰ-ға бес бөлімшені ұсындық. Олардың барлығы дайындықтың әртүрлі деңгейлерінде. Бөлімшелерімізді бірден емес, өтінім бойынша жібереміз. Бізге миссияны орындауға дайындық бойынша баға беріледі, – деді Жақсылықов.
Фото: KP.Kz
Комментариев пока нет