Парламент депутаттары демалысқа кетті
Мәжіліс және Сенат депутаттары демалысқа шықты. Ерлан Қошанов депутаттардың жұмысына жалпы баға берді, деп хабарлайды Exclusive.kz.
– Халық қалаулыларының жаңа толқыны келді. Әйелдердің, ерекше қажеттіліктері бар адамдардың және жастардың қатары кеңейді. Сегізінші шақырылымды әділетті деп атауға болады, – деді ол.
Мәжіліс төрағасы осы сессияда Мәжілісте алғаш рет Жоғары аудиторлық палатаның есебі тыңдалғанын атап өтті. Барлығы 11 халықаралық шарт пен мемлекетаралық келісім ратификацияланды.
Қос палата депутаттары Үкімет пен басқа да мемлекеттік органдарға 306 депутаттық сауал жолдаған.
Фото: Мәжіліс
Поделиться публикацией



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.