Парламент мәжілісіндегі үш партияға жыл сайын 8 млрд теңге бөлінеді
ҚР Парламент мәжілісіндегі «Аманат», «Қазақстан халық партиясы», «Ақ жол» партияларына жыл сайын бюджеттен 8 миллиард теңге бөлінеді.
Бұл туралы қаржы министрі, премьер-министрдің орынбасары Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді
– Заңмен қабылданған белгілі бір есептеу жүйесі бар. Қаражат соған қарай бөлінеді. Жалпы үш партияға жылына 8 миллиард теңге бөлінеді, – деді Жамаубаев.
Сондай-ақ Қаржы министрі Amanat партиясын қаржыландыруға 1 млрд доллар бөлінетіні туралы ақпаратты жоққа шығарды.
– Бұл жалған ақпарат. Бізде мәжілісте отырған барлық партиялар бойынша партияларды қаржыландыру туралы ақпарат бар, – деді Ерұлан Жамаубаев.
Фото: Facebook / Берік Уәли
Комментариев пока нет