English version

Парламент оппозицияны қажет етеді – Әшімбаев

Контекст дня — 19 марта 2023 18:10
0 -1

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев оппозиция мен Мәжілістің жаңадан сайланатын депутаттарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Exclusive.kz.

Мәулен Әшімбаевтың сөзінше, Парламентке оппозиция қажет және бұл елдің дамуына септігін тигізеді.

– Парламент оппозицияны қажет етеді, бірақ оппозиция Үкіметке, мемлекеттік органдарға және әкімдерге проблемаларды көрсететіндей қауқарлы болуы керек. Сондықтан елдің дамуы үшін оппозиция қажет. Осы бағытта қажетті заңдарды қабылдадық, – деді Әшімбаев Orda.kz тілшісінің сұрағына жауап беріп.

Сондай-ақ Әшімбаев Мәжіліске жаңа депутаттар келгенде сенаторлар олармен жұмыс істеуге дайын екенін, өйткені алдағы кезеңде қабылдануы тиіс заң жобалары көп екенін атап өтті.

Айта кетейік, бүгін елімізде кезектен тыс Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау өтіп жатыр.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2023 жылғы 19 наурызда сағат 16.10-дағы жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 51,98 % бюллетеньдер алды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Фото: РБК


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.