Павлодар облысындағы өрт: Цистернаның жанынан ер адамның денесі табылды
Павлодарда 4 автогаз құю бекетінен өрт шықты, деп хабарлайды Exclusive.kz.
Павлодар облысы ТЖД ақпараты бойынша өрт сөндірілген. Өрт жақын маңдағы «Феруза» азық-түлік дүкеніне өтіп, шамамен 200 шаршы метр аумақтағы шатыр, сондай-ақ 20 шаршы метр аумақтағы су мұнарасының шатыры өртенді.
Кейін цистернаның жанынан жас ер адамның денесі табылды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Айта кетейік, жеке сектор жолдың арғы жағында 100 м-ден астам қашықтықта орналасқан. Тұрғындарды эвакуациялау жүргізілген жоқ.
Фото: ТЖМ
Поделиться публикацией



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.