Павлодарда қоқыс арасынан екі елтаңба табылды
Павлодарда белгісіз біреулер саяжай мен Қазақстан электролиз зауыты санитарлық аймағының арасына екі елтаңбаны тастап кеткен.
Павлодар қаласының Ақпарат және қоғамдық даму басқармасы, ішкі саясат бөлімі өкілдерінен құралған жұмыс тобы оқиға орнына барды. Полигон зауыттан 10 км қашықтықта орналасқан.
– Жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 372-бабы «Мемлекеттік рәміздерді қорлау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаменті.
Тәртіп бұзушыларға екі мың АЕК-ке дейін (6 млн теңгеден астам) айыппұл немесе түзеу жұмыстары, 600 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстар, екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.
1 Комментарий
Заңды күшейту керек, онсыз қасиетті рәміздерді қорлау тоқтамайды!