Павлодарда жоғалып кеткен 7 жастағы қыздың денесі табылды - Exclusive
Поддержать

Павлодарда жоғалып кеткен 7 жастағы қыздың денесі табылды

Павлодар облысы, Қоянды ауылдық округіне қарасты Бесқауға ауылында жоғалып кеткен Милана Давыдованың денесі табылды. 7 жастағы қызды іздеуге 500-ге тарта адам қатысқан, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

БАҚ мәліметінше, марқұмның анасы мен оның танысы кішкентай қызды өлтірді деген күдікке ілінді.

Айта кетейік, қазір «адам өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева биыл 6 бала өз жақындарының қолынан ажал құшқанын айтты.

Фото: ТЖМ




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.