English version

Песков Тоқаевтың Ресей орденінен бас тартқанын жоққа шығарды

Контекст дня — 18 июня 2022 16:10
0 -1

Саясаттанушы Ербол Еділов президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 17 маусымда Петербург экономикалық форумында Александр Невскийдің орденінен бас тартқаны туралы жазды.

– Мемлекет басшысы көрсетілген құрмет үшін алғыс айтты. Алайда, ол президенттік өкілеттігі аяқталғанға дейін отандық және шетелдік марапаттарды қабылдамайтанын жеткізді. Дәл осы себеппен президент таяудағы Бішкекке сапары кезінде Қырғызстанның бірінші дәрежелі «Манас» жоғары орденінен бас тартқан, — делінген хабарламада.

Бұл ақпаратты ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай растады.

Алайда РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Тоқаевтың Ресей орденінен бас тартқаны туралы мәліметті жоққа шығарды.

— Мен бұл ақпараттың қайдан шыққанын білмеймін, өйткені ешқандай марапаттау жоспарланбаған. Мұндай жоспар болған жоқ, — деді ол Подъем басылымына берген сұхбатында.

Фото ашық деректерден


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.