Ya Metrika Fast


English version

Петропавлда сепаратизмді насихаттағандар екі айға қамалды

Контекст дня — 21 апреля 2023 16:30
0
Изображение 1 для Петропавлда сепаратизмді насихаттағандар екі айға қамалды

Петропавлда «Халық кеңесінің» үш мүшесі екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Exclusive.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының ақпараты бойынша, 20 сәуір күні Петропавл қаласының мамандандырылған тергеу соты үш қатысушыға қатысты екі ай мерзімге «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. Қылмыстық істі тергеу жалғасып жатыр.

Еске салайық, 19 наурыз күні Петропавлдағы колледждердің бірінде бір топ адам жиын өткізіп, «халық кеңесін» құрғанын мәлімдеді. Олар өздерін елден егемен ұйым ретінде жариялайтынын жеткізген.


Қазір күдіктілерге қатысты сепаратизм бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс тергеліп жатыр. Құзырлы органдар өкілдері ұйымның қалған мүшелері қатаң бақылауда екенін атап өтті.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.